Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » "Тыныш қала" түнгі рейд 2
"Тыныш қала" түнгі рейд 2
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
11-04-2018 12:23
Семей қаласының жастар ресурстық орталығымен қалалық жергілікті полиция қызметінің ортақ жұмыс жоспарына сəйкес ерікті жастар мен Әуезов аудандық полиция бөлімінің инспекторларының қатысуымен "Тыныш қала" 2 түнгі рейді ұйымдастырылды. Рейд барысында түнгі сағат 22.00 ден кейін көңіл көтеру орындарында жүрген екі жас өспірім тіркеліп,инспекторлар тарапынан тиісті шара қолданылды.
Кəмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аталған бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.
 
Семей қаласының жастар ресурстық орталығы