Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Ғашықтар күніне арналған "Махаббат мəңгі көктем "байқауы өткізілді
Ғашықтар күніне арналған "Махаббат мəңгі көктем "байқауы өткізілді
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
16-04-2018 10:39
Ғашықтар күніне арналған
Ағымдағы жылдың 14 сəуірінде Семей қаласының жастар ресурстық орталығының қолдауымен жастар маслихаты жəне Жас заңгерлер достастығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ғашықтар күніне арналған "Махаббат мəңгі көктем "байқауы өткізілді.
Биылғы байқау бұрынғылардан ерекше. Себебі биыл байқауға қаламызда Серпін бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жастар ғана қатысып,байқау билеттерін сатудан түскен (255 билет.76 400 тг) қаражат ауыр науқасқа шалдық жерлесіміз Дильназ Абуғалидің еміне жұмсалды.
Қайырымдылық шарасының басында Дильназдың анасы Альмира ханым сөз алып, жастарға зор алғысын білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлермен жеңімпаздар демеушілер әзірлеген бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
 
Семей қаласының жастар ресурстық орталығы