Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы өз жұмысын бастады
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы өз жұмысын бастады
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
28-06-2018 17:25
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы өз жұмысын бастады
Ағымдағы жылдың 28 маусымында «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздарына арналған жиын өтті. Жиында сарбаздарға арнайы киім үлгілері табыс етіліп, жұмыс құжаттары рәсімделді және де ормандағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Айта кетейік, жалпы жаз мезгілінің соңына дейін «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша қаламызда 100-ге жуық сарбазды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.
 
Жастар ресурстық орталығы