«Тыныш қала» түнгі рейд
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
05-09-2018 12:12
«Тыныш қала» түнгі рейд
Ағымдағы жылдың 4-ші қыркүйегінде жастар ресурстық орталығымен жергілікті полиция қызметінің өзара жұмыс жоспарына сәйкес, «Тыныш қала»  түнгі тексеру жұмыстары өткізілді. Тексеру жұмыстары барысында кәмелетке толмаған жастардың еңбек құқығын қорғау мақсатында түрлі көңіл көтеру орындары тексерілді. Атап айтар болсақ Цемент кентінде орналасқан Pari Match букмекерлік залы, Big ben, Iris кафе барлары, Play Station орындарын қолданушы және жұмыс жасап жүрген жастар туралы толық ақпарат алынды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 442 баптың 1тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлермен мекеме басшыларына аталған заңды бұзғандары үшін ескерту берілді.
 
Жастар ресурстық орталығы