Ұрпақтар сабақтастығы
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
06-02-2019 12:05
 Ұрпақтар сабақтастығы
Ағымдағы жылдың 5 ақпаны күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты ШҚОФ, Семей қалалық бөлімшесі және Семей қаласының жастар ресурстық орталығының бірлесуімен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Ауылым - алтын бесігім!» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Кездесуге «Қазақстан ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ШҚО Семей қалалық бөлімшесінің төрағасы - А. Доғалақов, Достық үйінің ардагерлер кеңесінің төрағасы - К. Ғазезұлы, Семей қаласының жастар ресурстық орталығының директоры - О. Соғымбай қатысты. 
Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.
Кеш қонақтары жастарымыздың сұрақтарына жауап беріп, жастардың болашағына сәттілік тілеп, батасын берді.  
 
Жастар ресурстық орталығы