Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Жастар жақсылық жасап жарысуда
Жастар жақсылық жасап жарысуда
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
15-03-2019 08:49
Жастар жақсылық жасап жарысуда
Семей қаласы Көлік колледжінің студенттері «Жүректен жүрекке» науқаны аясында Трусова 45 мекен-жайында тұратын жалғыз басты зейнеткерге көмектесіп, ауласын қар суынан тазартып берді. Аталған мәселені студенттер қалалық «Спектр» газетінен көріп, ерікті түрде көмек көрсетуге бел буды. Аталған шаралар жүйелі түрде жалғасатын табатын болады, оған дәлелі ағымдағы жылдың 15 наурызында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Мейірімділік сөресі» ұйымдастырылады. Бұл шара аясында көп балалалы және аз қамтылған отбасыларға киім-кешекпен азық-түліктер таратылатын болады. 
 
 
Жастар ресурстық орталығы