Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Жайдарманшылар әкім жүлдесін сарапқа салды
Жайдарманшылар әкім жүлдесін сарапқа салды
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
01-04-2019 15:52
Жайдарманшылар әкім жүлдесін сарапқа салды
Жайдарманшылар әкім жүлдесін сарапқа салды
 
 
Ағымдағы жылдың 30 наурызы күні «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ қолдау көрсетуімен Семей КВН филиалының ұйымдастыруымен Қалалық мәдениет сарайында Семей қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Республикалық Жайдарман ойындары өткізілді. Жайдарман ойынын «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Президенті Е. Елеукен жүргізді және республиканың түкпір-түкпірінен бірнеше құрама қатысып, өзара бақ сынасты. Атап өтер болсақ, «Фемида» құрамасы (Ақтөбе), «Зертас» құрамасы (Шымкент), «TESO.KZ» құрамасы (Алматы), «АРУ.KZ» құрамасы (Арқалық), «Біз қазақпыз» құрамасы (Екібастұз), «Мамырсу мақтаныштары» құрамасы(Аягөз), «Көкжайық» құрамасы (Көкпекті), «Ақ» құрамасы (Семей), «Шатыр» құрамасы (Семей). Кештің басты қонағы, қала әкімі Е. Сәлімов және қалалық маслихат хатшысы Б. Ақжалов болды. Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша Семей қаласы әкімінің кубогын Ақтөбелік «Фемида» құрамасы иеленсе, 2 орын Арқалықтан келген «АРУ.KZ» құрамасы, 3 орын Алматы қаласынан келген «TESO.KZ» құрамасы иеленді. Үздік әзіл - «Фемида» құрамасы, Үздік ойыншы - М. Нұртазин (Заттыбек, Мамырсу мақтаныштары). 
 
 
 
Жастар ресурстық орталығы