Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Оқушылар арасында дебат турнирі өтті
Оқушылар арасында дебат турнирі өтті
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
13-05-2019 16:49
Оқушылар арасында дебат турнирі өтті
Қаламызда ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік  тапсырысына сәйкес  «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында 9 мамыр – Ұлы жеңіс күні мерекесіне арналған «Бейбіт күн – жауынгерлер аманаты» қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Турнирге қаламыздың он екі мектебінен 24 команда 48 оқушы қатысты. Турнирға жоғарғы оқу орындарының пікірсайысшылары төрешілік жасады. Турнирдің іріктеу кезеңі американдық парламенттік форматта ойнатылса, финалдық кезең британдық парламенттік форматта өтті. Сондай-ақ үздік спикерді анықтау мақсатында іріктеуден үздік шыққан төрт ойыншы арасында Линкольн-Дуглас форматында ойын өткізілді. 
Тартысқа толы сайыс қорытындысында өзгелерден үздік шыққан Кокамбекова Қарлығаш (№11 мектеп) пен Кенжағалиева Шырын (№22 мектеп) 1 орын, Абдығалиева Алия (№16 мектеп) мен Өміржанов Амир (№32 мектеп) 2 орын, Серікбосынов Нұргелді (№32 мектеп) мен Серікбекова  Алия (№16 мектеп) 3 орынды жеңіп алды. ЛД форматы бойынша жеңіске жеткен Кокамбекова Қарлығаш «Ең үздік спикер» номинациясын жеңіп алса, Серікбек Нұргелді «Үздік спикер», Мамытова Аяулы мен Кадылбекова Адема «Үздік талпыныс» және де Семей Медицина университетінің студенті Жолдасова Нұрсыйпат «Ең үздік төреші» номинациясымен  марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды.
 
 
 
Жастар Ресурстық Орталығы