Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Президент апаратының өкілі Семейде
Президент апаратының өкілі Семейде
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
13-08-2019 10:51
Президент апаратының өкілі Семейде
Бүгін қаламызда Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің инспекторы Алтаев Ертай Кенжебекұлы іс-сапармен болып, өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында жастар ресурстық орталығының ұжымымен кездесті. 
Кездесу барысында орталық директоры О.Соғымбай жастармен жұмыс туралы ақпарат беріп, жастар жылы аясында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобаларды таныстырды. 
Кездесуге  ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысы  И.Ф.Смит, Семей қаласы әкімінің орынбасары А.С.Садырбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Е.Есенжолов қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, тың бастамаларға сәттілік тіледі.
                                                                     
    Жастар ресурстық орталығы