Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Семей қаласында «Әлеуметтік инновациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Семей қаласында «Әлеуметтік инновациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
27-09-2019 09:24
Семей қаласында «Әлеуметтік инновациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Семей қаласында «Әлеуметтік инновациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті
 
22 қыркүйек күні Семейде жас әрі белсенді жастарға арналған семинар-тренинг өтті. Тренингтің мақсаты әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру, өздерінің идеялары мен жобаларын іске асыру жолдарын табуды үйрету болды. Жастар арасында іскерлік қатынастарды дамытып, кәсіби байланыстарды орнату үйретілді. Негізгі ұйымдастырушы «Пікірсайыс клубтары бірлестігі» қоғамдық қоры болды. 
Іс-шара табысты болу мақсатында тренинг төрт блокқа бөлінді: әлеуметтік дизайн, әлеуметтік кәсіпкерлік, фандрайзинг және әлеуметтік коммуникациялар.
Оқу іс-шарасы «Әлеуметтік инновациялар» жастар лигасы тренерлерге арналған республикалық тренингке қатысқан, әр аймақтан іріктеліп алыңған жас тренерлердің жұмысының жемісі болып табылады. Тренинг барысында белсенді жастар түрлі әлеуметтік мәселелерді шешудің тың жолдарын талқылап, табыс табудың креативті жолдарын талдады.
Бұл тренинг Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" ҰАҚ мемлекеттік гранты шеңберіндегі "ЗУБР" ӘКҚ жобасы аясында іске асырылуда. 
 
 
 
«Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ