Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » Семейде ауыл жастарының форумы өтті
Семейде ауыл жастарының форумы өтті
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
28-11-2019 16:38
Семейде ауыл жастарының форумы өтті
Семейде ауыл жастарының форумы өтті
 
Бизнесті  қалай құру, белгілі мақсатқа қол жеткізу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту сынды мәселелер  форум аясында дайындалған оқыту семинарлары, конкурстар мен тұсаукесерлер барысында талқыланды.
Кездесу Абай атындағы кітапхана қабырғасында өтті. Оған Семей қаласының құрамына кіретін барлық 14 ауылдық округтерден келген жастар қатысты. Форум Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Шығыс жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.
– Жыл бойы ауылдық округтерде "Жастар жылы"  аясында түрлі іс-шаралар, соның ішінде спорттық, мәдени, білім беру іс-шараларын өткіздік. Біз үшін жастарды біріктіру,  түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмектесу, оларға өз әлеуетін ашуға,  әртүрлі салаларда жүзеге асыруға көмектесу өте маңызды. Осындай мақсаттарды да  бүгін Ауыл жастары форумын өткізу кезінде алға қоятын боламыз, - деді "Шығыс жастары" қоғамдық қорының жетекшісі Айдос Төлеуханов.
Оқу семинарларын, конкурстар мен тұсаукесерлерді өткізу үшін кездесуге әр түрлі жастар ұйымдарының өкілдері,  жетістікке жеткен жас кәсіпкерлер, жастар дебаттық клубтардың қатысушылары, спортшылар шақырылды.
 
 
 
 
Семей қаласының ақпараттық орталығы