Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Жаналықтар » Семейде ардагерге соғыс аяқталғаннан 75 жыл өткеннен кейін Ұлы Отан соғыстың қатысушысы мәртебесі берілді
Семейде ардагерге соғыс аяқталғаннан 75 жыл өткеннен кейін Ұлы Отан соғыстың қатысушысы мәртебесі берілді
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
21-01-2020 09:17
Семейде ардагерге соғыс аяқталғаннан 75 жыл өткеннен кейін Ұлы Отан соғыстың қатысушысы мәртебесі берілді
Семейде ардагерге соғыс аяқталғаннан 75 жыл өткеннен кейін Ұлы Отан соғыстың қатысушысы мәртебесі берілді
 
 
Семей қаласының әкімдігінде наурыз айында 94 жасқа толатын Ұлы Отан соғысының ардагері Асқар Рахымбаевтың куәлігін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Асқар Рахымбаев 1926 жылдың 1 наурызында, бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, өз ауылында трактор жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1941 жылда Кеңес әскеріне шақыртылып, 378 атқыштар полкінің құрамында соғысқа қатысты. Румынияның Брашев және Мишель қалаларын жаудан босатуға қатысты.
1945 жылдың қазан айында бір топ сарбаздардмен бірге, автотехникалық полкте оқыту үшін Баку қаласына жіберлді. Ол жерде 1949 жылға дейін оқып, осы жылы Қытай Халық Республикасына арнайы әскери авиа полк құруға көмек көрсету үшін жолданып, Қытай азат ету Әскерінің 21811 әскери бөлімінде штурман-моторист болды. 1951 жылы, аға сержан шенінде әскерден оралып, туған ауылында, тракторист, биргадир қызметін атқарды. 1988 жылдан бастап, еңбек демалысында. «Отан Соғысы» орденімен, «За победу над Германией», Қытай-Кеңестік достығы, «Ұлы Отан соғысы», «Ерекше еңбегі үшін» (За долбестный труд), «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 2000 жылдан бері Семей қаласында тұрып жатыр. Жолдасы Жамалған апа екеуі 11 бала, 29 немере, 44 шөбере тәрбиеледі.
Бірақ осы уақытқа дейін ардагерде Ұлы Отан соғысына қатысушы мәртебесі болған жоқ. Қазір ғана, соғыс аяқталғаннан 75 жыл өткен соң, Семей қаласының ардагерлер кеңесінің талабы бойынша, оған Ұлы Отан соғысына қатысушы мәртебесі берілді. 
Бұл жағдайды көптеген адамдар сұмдық деп атайды. Соғыс ардагерін тиісті мәртебесіз қалай қалдыруға болады деп әскери қызметкерлер мен қалалық қоғамдастық өкілдері таңқалуда. 
- Ұлы Отан соғысына қатысушы ретінде мен мұндай жағдайға бірінші рет тап болдым. Менің бір сұрағым бар: неге? Не болды? Ұзақ жылдар соғыс ардагерлерінің куәлігінсіз өмір сүріп жүргеніне не себеп болды? Асқардың туыстары, достары, немерелері, балалары, шөберелері бар ғой! Неліктен ол екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің куәлігінсіз қалды? Мен бүгін Асқар Қлы Отан соңысына қатысқаны туралы куәлік алғанына өте қуаныштымын. Бұл өте қуантарлық жағдай, - дейді ҰОС ардагері, Шығыс Қазақстан облысының және Семей қаласының құрметті азаматы Ғабдулғазиз Ахмеров.
Шара барысында мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі деп ардагердің қарапайымдылығын атады. Қала әкімі Ермак Сәлімов ақсақалды жеке құттықтап, оған Ұлы Отан соғысының ардагерінің куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Қала басшысы бұл жағдайды әділетсіздік деп атады де қала тұрғындарын айналасына мұқият болуға шақырды.
-Мұнда көптеген факторлар рөл атқарды. Біріншіден, бұл біздің ақсақалымыздың қарапайымдылығы. Әскери комиссариатқа қарапайым адам келді, олар оған құжат беруге бас тартты де, ол ештеңе айтпады. Бүгін сол қорқынышты соғыстың жаңа қатысушысы «дүниеге келгені» өте қуанышты. Бұл біз үшін сабақ болсын. Біз өмір сүру барысында тоқтап, айналамызға қарауымыз керек. Өкінішке орай, бұл ол әрдайым сәтті бола бермейді, бірақ бүгінгі кездесу мұны есімізге салып отыр, - деді Ермак Сәлімов.
Сонымен бірге, жиналыста енді Ұлы Отан соғысының ардагеріне ай сайын 42 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленетіні айтылды.
Әкім сондай-ақ ардагерлерге ашық аспан үшін алғысын білдіріп, биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери парадтар еліміздің үш қаласында, оның ішінде Семейде де өткізілетіндігін айтты.
 
 
 
 
Ішкі саясат бөлімі