Басы » Семей қаласының ішкі саясат бөлімі » Қоғам » «Сырғалым» қыздар сырласу клубы ашылды
«Сырғалым» қыздар сырласу клубы ашылды
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
13-02-2020 18:02
    «Сырғалым» қыздар сырласу клубы ашылды
    «Сырғалым» қыздар сырласу клубы ашылды
 
12 ақпан күні  «Сырғалым» қыздар сырласу клубының алғашқы таныстыру отырысы өтті. Аталмыш клубтың негізгі мақсаты- жасөспірім қыздардың бойына имандылық, әдептілік, сыпайылық сынды қасиеттерді сіңіре отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу.
Кездесу барысында ұйым жетекшісі Б. Ербол клубтың жұмыс жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта, өткізілетін шараларға тоқталды. Айта кетейік, клуб отырысы айына бір рет өткізілетін болады, сондай-ақ студент қыздармен дөңгелек үстелдер, сұхбаттасулар, қызықты тренингтер өткізу жоспарлануда.
 
Құрметті бойжеткендер! «Сырғалым» сырласу клубының мүшесі болғыңыз келсе қосылыңыздар. Келіңіздер!
Кітапхана есігі ардайым ашық!
 
 
                                                                            
 Жастар ресурстық орталығы