Басы » Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау » Жаналықтар » 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары
2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары
Автор: Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
27-07-2018 17:51
2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары рейтингісінің қорытындылары
2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аудандар мен қалалар арасындағы ішкі өңірлік рейтингте Семей қаласы 6 орынды иеленіп, жоғары серпін дамуы бар аймаққа жатқызылды.
2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 көрсеткіштің ішінен 7 көрсеткіш бойынша  нәтижелер жақсарды:
- өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі – 103,2% (101,4%), құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 2,2 рет (169%), негізгі капиталға салынған жеке меншік инвестициялардың нақты көлем индексі 136,5% (94,0%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны – 118,9% (112,7%), шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының өсу қарқыны – 116% (112,2%), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 1-6 жастағы балалар санының өзгеруі – 110,8% (101,5%),     100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі – 93,3% (97,3%);
- жағымды динамикаға қарамастан 4 көрсеткіш бойынша өткен жылдың деңгейіне жетпеу байқалуда: бөлшек-сауда тауар айналымының нақты көлем индексі – 100,2% (110,8%), қала бюджетінің меншікті кірістер көлемінің өсу қарқыны – 104,8% (126%), қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу қарқыны – 100,4% (101,3%), қылмыстылық деңгейінің өзгеруі – 93,2% (73,3%); 
- 2 көрсеткіші бойынша жағымсыз динамика байқалады: ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі –99,9% (105,8%), қылмыстылықты ашу деңгейінің өзгеруі – 82,5% (105,9%). 
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау көрсеткіштеріне бақылау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы жұмысын жалғастыруда.
 

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік- экономикалық даму серпіні бойынша ішкі өңірлік талдау

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі