Басы » Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау » Жаналықтар » Семей қаласының 2018 жылдың қаңтар-қазан айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат
Семей қаласының 2018 жылдың қаңтар-қазан айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат
Автор: Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
05-12-2018 17:34
Семей қаласының 2018 жылдың қаңтар-қазан айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы қаңтар - қазан айларында қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 148,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 13,2 млрд. теңгеге немесе 9,8%-ға жоғары. Нақты көлем индексі – 104%-ды құрады.

Тау кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 22,4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 123,1%, нақты көлем индексі – 120,1%.

2018 жылғы қаңтар-қазан айларындаөңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 110,7 млрд.теңге көлемінде өнім өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,5%-ға артық, нақты көлем индексі – 101,7%.

Ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 28,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңінен 1 млрд. теңгеге артық. Нақты көлем индексі – 100,3%.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларына сүт өндірісі 1%-ға, жұмыртқа саны 0,5%-ға артты.

2018 жылдың 1 қарашасына ірі қара мал басы 4,4%, жылқы басы 10,3% өсті.

Бөлшек тауарайналымының көлемі8,6% өсу қарқынымен 175,3 млрд. теңгені  құрады (2017 жылғы қаңтар-қазанда – 161,4 млрд.теңге). Нақты көлем индексі 101,9%.

Есепті кезеңде қалаға 50,2 млрд.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды немесе өткен жылдың осындай кезеңінен 17,8 млрд.теңгеге артық (2017 жылғы қаңтар-қазанда – 32,4 млрд. теңге). Өсу қарқыны – 154,9%-ды құрады. Нақты көлем индексі –  145,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі26,4 млрд. теңгеге орындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен 8,3 млрд. теңгеге артық (2017 жылғы қаңтар-қазанда – 18,1 млрд.теңге). Өсу қарқыны – 145,9%-ды құрады. Нақты көлем индексі –140,4%.

69 956 ш. м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2017 жылға қарағанда 31,6%-ға жоғары.

Шағын бизнестежұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 323 бірлікке немесе 14,7%-ға артқандығы байқалады.

Шағын және орта кәсіпкерліктіңжұмыс істеп тұрған субъектілер саны  2017 жылдың осындай кезеңіндегі 18 904 бірлікке қарсы 21 021 бірлікті құрады. Өсу қарқыны – 111,2%.

2018 жылдың 1 қарашасына жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 15,3 млрд. теңгені құрады (2017 жылдың 1 қарашасына – 14,4 млрд.теңге). Өсу қарқыны – 106,2%.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 119 684 теңгені құрап, 2017 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,2%-ға артты (110 583 теңге). 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

2018 жылғы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері