Басы » Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау » Жаналықтар » Қаржылық жылдың аяқталу мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті
Қаржылық жылдың аяқталу мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті
Автор: Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау
13-12-2019 09:35
Қаржылық жылдың аяқталу мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті

Қаржылық жылдың аяқталу мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті

2019 жылдың 11 желтоқсанында қала әкімдігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына және қаржлық-есептік қызметкерлеріне қаржылық кезеңнің аяқталу мәселесі бойынша қала әкімінің орынбасары Қ. С. Әділбаевтің төрағалығымен семинар-кеңес өткізілді. 
Семинар-кеңес барысында қазынашылық басқармасының өкілдерімен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланып, төлемдерді жедел жүргізуді қамтамасыз ету бойынша сұрақтары жеке талқылауға шығарылды.
Экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын игеру, негізсіз кредиторлық және дебиторлық берешектерді болдырмау, бюджеттік және қаржылық есептілікті ұсыну мерзімдері мен сапасын сақтау, бюджеттік өтінімдердің заңнама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған даму жоспарларын және оларды жүзеге асыру жөніндегі 2019 жылға арналған есептерді бекіту туралы жеткізілді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап саны 2000 адамнан аз ауылдық округтерді басқарудың 4–деңгейіне көшуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті мен коммуналдық мүлігін қалыптастыру рәсімдеріне байланысты тиісті шаралар қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Қала әкімінің орынбасары Қ. С. Әділбаев бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін ведомстволық қарасты мекемелер бөлінісінде жалақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге толық көлемде қаражатпен қамтамасыз етілуіне талдау жасауға, Қазақстан Республикасының заңдарын, жемқорлыққа қарсы мәдениет талаптарын сақтауға және мемлекеттік қызметкерлердің имиджін түсіретін сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар жасайтын көріністерге жол бермеуге шақырды. 
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша бірінші басшыларға жеке бақылауына алу үшін тиісті тапсырмалар берілді.   
 
 
Экономика және қаржы бөлімі