Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Қаржы рәсімдерінің жүргізілуі
Қаржы рәсімдерінің жүргізілуі
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
25-10-2017 19:06
Қаржы рәсімдерінің жүргізілуі
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп, қаржы бөлімімен бөлінген бюджет қаражатының ағымдағы қаржы жылының соңына дейін күтілетін игерілуі бойынша жұмыс атқарылуда.
Негізгі міндет – бірінші кезектегі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын, әлеуметтік аударымдар, салықтар мен аударымдар сияқты, және басқа да кідіріссіз шығындарды қамтамасыз ету, негізсіз кредиторлық берешек сомаларына жол бермеу.
Облыстық басқармаларымен 2017 жылға республика және облыс бюджеттерінен бөлінген трансферттерді нақтылау, түзету мәселелері қарастырылуда. Бюджетті нақтылау рәсімдері қазан айының соңына дейін (қалалық мәслихат шешімі әділет органдарында тіркеуден өткеннен кейін) жүргізу жоспарлануда.
2018 жылға мемлекеттік аудит нысандарының тізбесін анықтау үшін, бүгінгі күні бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен ұсынылған 2016-2017 жылдардағы сандық және сапалық бағалау бойынша мәліметтерге сәйкес, ШҚО Әкімі аппаратының ішкі аудит қызметіне уақытылы жолдау мақсатында жалпы қала бойынша ақпарат қалыптастырылуда. 
 
Қаржы бөлімі