Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдау) беру туралы
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдау) беру туралы
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
09-11-2017 17:33
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдау) беру туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы Заңын іске асыру шеңберінде, кезең-кезеңімен жұмыс тізілімін жетілдіру бойынша, бірыңғай оператормен жұмыстар жүргізілуде.
Коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдау) беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні, мемлекеттік мүлік Тізілімінде мемлекеттік мүлікті жалға беру рәсімі толығымен автоматтандырылған. Бұл уақытты барынша оңтайландыруға және жалға алушыны анықтау барысында жеке тұлғалармен қызхметкердің тікелей қатынасың төмендетуге мүмкіндік туғызып отыр.
Мемлекеттік мүлік Тізілімінде әрбір шартқа ID-нөмірін беруді қарастыратын қосымша функциясы енгізілген, бұл әрбір келісім-шартқа жалдау төлемдерін  автоматты режимде есепке алынуына мүмкіндік береді.
Ол үшін, коммуналдық меншіктегі объектілерді жалға алушылар жал төлемін төлеу кезінде төлем тапсырмаларында ID-нөмірін міндетті түрде көрсету қажет.
Жалға алушылар нақты уақыт режимінде ID-нөмірі көмегімен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы ағымдағы жалға алу төлемінің жай-күйін біліп отыра алады.
 
Қаржы бөлімі