Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Өзекті мәселелердің бірі: коммуналдық мүлікті есептен шығару
Өзекті мәселелердің бірі: коммуналдық мүлікті есептен шығару
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
05-12-2017 18:27
Өзекті мәселелердің бірі: коммуналдық мүлікті есептен шығару
Бұл мәселенің маңыздылығы әр бір мүлікті пайдалану барысында табиғи күштерге байланысты физикалық және (немесе) моральдық тозуынан, дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан жарамсыз болатындығына байланысты.
Мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі мүлікті есептен шығару рәсімінің негізгі талаптарын түсіндіру бойынша қаржы бөлімімен бірнеше мәрте кеңес-семинарлар өткізілді, хаттар жолданды. 
Мүлікке түгендеу, тексеру жүргізу, есептен шығарудың нақты себептерін белгілеу, мүлікті әрі қарай пайдалануының экономикалық және техникалық тиімділігін, жеке бөлшектерін пайдалану мүмкіндігін аңықтау, есептен шығарылған мүліктен қолдануға жарамды тораптарын, қосалқы бөлшектерін, агрегаттарын, материалдарын және т.б. шығару бойынша бақылау мемлекеттік ұйымның басшысының бұйрығымен құрылған комиссияның өкілдігіне жатады.
Яғни, мемлекеттік ұйымның негізгі құралдарын есептен шығару және жою комиссиямен жүргізіледі.  
Өткізілген іс-шаралар нәтижесі комиссияның хаттамасында көрсетіледі.
Есептен шығару актілері міндетті түрде салалық органдарымен келісілуі тиіс. Мысалы, мектептер – білім бөлімімен, кітапханалар – мәдениет бөлімімен.
Уәкілетті салалық органдар үшін ұсынылған есептен шығару актілерін келісу мерзімі он жұмыс күн ішінде деп белгіленген.
Есептен шығару актілері бекітілгенге дейін жойылуға жататын мүлікті ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік мүлікті жою, ажырату және бөлшектеу рәсімдері өткізілгеннен кейін түскен қаражатты есепші қала бюджетінің 206 109 «Жергіліктік бюджетке түсетін салық емес басқа да түсімдер» кодына аудару міндетті.
Негізгі құралдардың есебін жүргізуде, оның ішінде есептен шығару рәсімдеріне қатысты барлық өзгерістер, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша тиісті операциялардан кейін 5 күн ішінде мемлекеттік мүлік Тізіліміне енгізілуі қажет. 
Мемлекеттік мүлікті есептен шығару нақты бекітілген. Ереже талаптарын бұзу кінәлі тұлғаларды жаупкершілікке тартуға әкеледі. 
 
Қаржы бөлімі