Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » 2017 қаржы жылының аяқталуы
2017 қаржы жылының аяқталуы
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
06-12-2017 12:01
2017 қаржы жылының аяқталуы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнің» 222 тармағына сәйкес, "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
Баяндалғанға байланысты, мемлекеттік мекемелердің барлық төлемдерін  өткізуді және ағымдағы қаржы жылын жабу бойынша іс-шараларды дер кезінде жүргізу мақсатында, аумақтық қазынашылық бөлімдерінің мемлекеттік мекемелерден төлем құжаттарын (оның ішінде қолма-қол ақша операциялары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін мақсатты трансферттер есебінен республикалық бюджет шығындары бойынша) қабылдау бойынша  соңғы жұмыс күні 2017 жылғы 28 желтоқсаны болып табылады.
 
 
Қаржы бөлімі