Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » «Қаржылық жылдың аяқталу мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті»
«Қаржылық жылдың аяқталу мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті»
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
12-12-2017 12:12
«Қаржылық жылдың аяқталу мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті»
2017 жылдың 12 желтоқсанында қала әкімдігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына және қаржлық-есептік қызметкерлеріне қаржылық кезеңнің аяқталу мәселесі бойынша қала әкімінің орынбасары Қ. Ш. Ерембесовтың төрағалығымен семинар-кеңес өткізілген болатын. 
Семинар-кеңес барысында келесі сұрақтар қаралды:
1.Қаржы жылын аяқтау, 2017 жылға арналған бюджеттік есепті ұсыну және 2018 жылға мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жоспарын қалыптастыру тәртібі.
2.Мемлекеттік мүлік Тізілімімен жұмыс жасау кезінде мемлекеттік ұйымдардың жіберетін негізгі қателіктері.
3.Негізгі құралдарды есептен шығарудың негізгі талаптары.
4.Жекешелендіруге, жалға және сенімгерлік басқаруға жататын нысандарды тізімге қосу туралы ұсыныс беру кезіндегі мемлекеттік ұйымдарға қойылатын талаптар. 
5.Қаржылық есептілікті дайындау мен ұсыну ережелеріндегі өзгерістер туралы.
Семинар барысында қатысушыларға бюджет қаражатын игеру, негізсіз кредитор мен дебиторлық берешектерді болдырмаудың алдын алу, бюджеттік және қаржылық есептіліктің мерзімдері мен сапасын сақтау және  2018 жылға  арналған мемлекеттік сатып алулардың алдын-ала жоспарын жасау туралы талаптар  жеткізілді.
Мемлекеттік мүлікті есепке алу ережелеріне, Мемлекеттік мүлік тiзiлiмiндегi негiзгi құралдар туралы деректерді енгізу мен жаңартуға, оны тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Қатысушыларға мүлікке билік етудің негізгі түрлері (жалға беру, жекешелендіру, сенімгерлік басқаруға беру) жеткізілді. Мемлекеттік ұйымдардың теңгеріміндегі негізгі құралдарды есептен шығару кезінде қабылдайтын негізгі шаралары мен мерзімдері айтылды. 
Қала әкімінің орынбасары Қ.Ерембесов бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне Қазақстан Республикасының заңдарын, жемқорлыққа қарсы мәдениет пен Әдеп кодекстерінің талаптарын сақтауға және мемлекеттік қызметкерлердің имиджін түсіретін сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар жасайтын көріністерге жол бермеуге шақырды. 
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша бірінші басшыларға жеке бақылауына алу үшін тиісті тапсырмалар берілді.   
 
 
Қаржы бөлімі