Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша семинар-кеңес
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша семинар-кеңес
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
28-12-2017 10:40
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін  енгізу бойынша семинар-кеңес
Бюджеттік заңнамаға сәйкес 2018 жылдан бастап ауылдық округ және кенттер деңгейінде адам саны 2000-нан жоғары ауылдық округ және кенттер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі.
Семей қаласы бойынша ол Знаменка, Ертіс, Новобаженово, Озерка, Приречный ауылдық округтері және Шүлбі кенті.
Қазіргі күнге аталған ауылдық округтердің әзірленген бюджеттік жобалары қалалық мәслихаттың бекітуіне жолданды.
2017 жылдың 21 желтоқсанында қалалық қазынашылық басқармасында қала әкімдігінің қаржы бөлімінің қатысуымен дербес бюджетті қаржыландыруды ашу мәселесі бойынша ауылдық округтердің жауапты мамандарымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте келесі мәселелер қарастырылды:
1. Ауылдық округ және кент бюджеттерінің қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу тәртібі.
2. Ауылдық округтер мен кенттердің түсімдер, төлемдер және міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын құру және бекіту.
Семинар барысында қазынашылық басқармасының және қаржы бөлімінің мамандарымен қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу және жиынтық қаржыландыру жоспарын құрастыру талаптары айтылды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
 
 
Қаржы бөлімі