Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!!!
Кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!!!
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
29-12-2017 10:43
Кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!!!
Кәсіпкерлікті дамыту әлеуеті мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестіктің қарым қатынасын кеңейтеді.
Қазақстан халқының Жолдауында Мемлекет басшысы, жеке капиталды тарту үшін, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің барлық түрлері мен формаларын, оның ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару, пайдалану керегін атап кеткен.
Сенімгерлік басқару объектісі мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, мүліктік кешендері, бағалы қағаздар, жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, ақша, болып танылады.
Беру рәсімі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV мемлекеттік мүлік туралы Заңы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаланың коммуналдық меншік объектілерін (коммуналдық ұйымдарының теңгерімде есептелетін мемлекеттік КМҚК, МҚК, ЖШС-ға қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік объектілері) сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз беру жүзеге асырылуы мүмкін. 
Сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлік (республикалық, облыстық, қалалық) объектілері туралы барлық ақпарат www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің бірыңғай сауда алаңында жарияланады.
Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға ниет білдіргендер үшін толық ақпарат және бейне - анықтамалар мемлекеттік мүлік тізілімінде орналастырылған. Электрондық тендерлерге, кәсіпкерлер қатысу туралы өтінімдерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркейді.
Мемлекеттік мүлік тізілімін техникалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен құрылған Ақпараттық-анықтамалық орталығы жүзеге асырады. Семей қаласында Ақпараттық-анықтамалық орталығы бөлімшесі Абай алаңы, 5 мекенжайында 101 бөлмеде орналасқан тел. 56-69-87.
Мемлекеттік меншікті сенімгерлік басқарудың мәні мемлекет белгілі бір мерзімге және жағдай жасауды жүзеге асырады, ал сенімгерлік басқарушы бұл мүлікті мемлекет мүддесінде басқаруға міндеттенеді.
Сонымен, сенімгерлік басқару жеке тұлғаға меншік құқығын беруді тудырмайды. 
Кейінен сатып алуға құқығынсыз сенімгерлік басқару - келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін объект теңгерім ұстаушыға өткізіледі.
Кейіннен сатып алу құқығымен басқару барысында - сенімгерлік басқарушы шарттың талаптарын толық және тиісті орындаған жағдайда, объектінің бағаланған құны бойынша сатып алу – сату келісім шарты жасалады.
Республика бойынша мектепке дейінгі білім беруге инвесторларды тарту мысалдары бар. Мемлекет пен бизнес бірігіп 2020 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беруді толығымен қамтуға бағытталған маңызды ұлттық міндеттердің бірін шешеді.
Жеке кәсіпкерлер белгiлi бір салаға инвестиция салу жолымен, ал мемлекет тарапынан, бюджет қаражатын үнемдеу арқылы, әлеуметтік проблемаларды шешу мүмкiндiгіне өзара ынтымақтастыққа қол жеткiзедi.
 
 
Қаржы бөлімі