Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы өзгерістер
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы өзгерістер
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
08-01-2018 17:53
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы өзгерістер
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер қолданысқа енеді (ҚР Қаржы министрінің 22.12.2017 ж. № 739 бұйрығы). 
1. Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптар жеңілдетіледі. Енді құрылыс-монтаж жұмыстарына және жобалауға тиісті лицензиясы бар құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алуға қатысушылар материалдық және еңбек ресурстарын иеленуді растайтын құжаттарды ұсынбаса да болады. 
2. Құрылыспен байланысты емес жұмыстар бойынша демпингтік баға егер конкурстық баға ұсынысы конкурсқа бөлінген бағадан 40 %-дан астамға төмен жағдайларда белгіленеді. 
3. Жұмыс тәжірибесі бойынша өлшемшарттарды белгілеу үшін бастапқы мәндер азайтылады.
 
 
Қаржы бөлімі