Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » 2018 жылға жиынтық қаржыландару жоспарын бекіту
2018 жылға жиынтық қаржыландару жоспарын бекіту
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
10-01-2018 18:21
2018 жылға жиынтық қаржыландару жоспарын бекіту
2017 жылдың 22 желтоқсанында қалалық мәслихаттың № 21/129-VI шешімімен 2018-2020 жылдарға қала бюджеті бекітілді. 
Қала әкімдігінің қалалық бюджет туралы шешімін іске асыру жөніндегі қаулысы 2017 жылдың 29 желтоқсанында қабылданып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен төлемдер мен міндеттемелер жоспарының жобаларын жинақтау жедел түрде аяқталды. 
Кірістер мен шығыстар теңгерімділік талаптары сақталып қала бюджетінің меншікті кірістер есебінен міндеттемелер, түсімдер және төлемдердің жиынтық қаржыландыру жоспарлары қалыптастырылуда.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен мақсатты трансферттер мен кредиттердің ай сайынғы бөлінісін алғаннан кейін жиынтық жоспарлар бекітіліп, қазынашылық органына ұсынылады.
  
Қаржы бөлімі