Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » «Квазимемлекеттік сектордың және қалалық коммуналдық меншік объектілерін оңтайландыру бойынша комиссия отырысы өтті»
«Квазимемлекеттік сектордың және қалалық коммуналдық меншік объектілерін оңтайландыру бойынша комиссия отырысы өтті»
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
09-02-2018 11:06
«Квазимемлекеттік сектордың және қалалық коммуналдық меншік объектілерін оңтайландыру бойынша комиссия отырысы өтті»
2018 жылдың 8 ақпанында қалалық әкімдікте квазимемлекеттік сектор мен қалалық коммуналдық меншік объектілерін оңтайландыру жөніндегі Комиссияның отырысы өтті. 
2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру, сонымен қатар 2018 жылға дейін жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін нақтылау, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігіне қатысты және билігінде қалған таза кірісті бөлу нормативтерін бекіту сұрақтары қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы  «Тиімді мемлекеттік басқару» сегізінші бағытын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталықтандырылған тапсырмалары шеңберінде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын оңтайландыру мәселесі талқыланды.
 
Қаржы бөлімі