Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Барлық мемлекеттік ұйымдарға
Барлық мемлекеттік ұйымдарға
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
12-04-2018 12:26
Барлық мемлекеттік ұйымдарға
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 қаулысымен бекітілген түгендеу, паспорттау және мүлікті қайта бағалау нәтижелері бойынша есепті мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектісінің деректерін енгізу пішімі және бірыңғай әдістемесіне сәйкес, барлық мемлекеттік заңды тұлғалар ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламалықты қамтамасыз ету арқылы, 2017 жылғы 31 желтоқсан жағдайына ұйымның теңгерімінде бекітілген мүлікке жүргізілген түгендеу, паспорттау және мүлікті қайта бағалау нәтижелері бойынша есепті мемлекеттік мүлік тізіліміне кіргізу қажет.
Сонымен қатар бекітілген мерзімде мемлекеттік мүлік тізілімінеҚазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен белгіленген нысандар бойынша барлық мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептері енгізілуі тиіс.
 
Қаржы бөлімі