Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын іске асыру: «Семей Автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 % мемлекет қатысу үлесін сату бойынша электрондық тендер туралы»
«2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын іске асыру: «Семей Автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 % мемлекет қатысу үлесін сату бойынша электрондық тендер туралы»
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
20-04-2018 18:12
«2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын іске асыру: «Семей Автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 % мемлекет қатысу үлесін сату бойынша электрондық тендер туралы»
2018 жылдың 17 сәуірінде мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында, «Семей Автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 % мемлекет қатысу үлесін сату бойынша, бастапқы бағасы 249 773 000 теңге болатын, электрондық тендер өткізілді.
Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында қалыптастырылған электрондық актіде, қатысушылар өтінімдері екіден кем болғандықтан, тендер өткізілмеген деп танылған.
2018 жылдың 19 сәуірінде «Семей Автобекеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 % мемлекет қатысу үлесін сату бойынша комиссияның отырысы өтті.
Бастапқы бағасы алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан елу пайызға төмендетілген, яғни 124 886 500 теңге көлемінде объектіні қызмет бейінінің сақталуымен шексіз мерзімге сату бойынша талаппен, қайта электрондық тендер өткізу туралы шешім қабылданды.
Электрондық тендер, ағымдағы жылдың 10 мамырында мемлекеттік мүлік Тізілімінің бірыңғай сауда алаңында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-де өткізіледі.
Барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Жекешелендіру объекті мен қатысу шарттары бойынша толық ақпарат мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында орналастырылды. Хабарландыру 2018 жылдың 20 сәуіріндегі № 74 (1508) «Закуп Инфо» газетінде жарияланған.
Тендерге қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі және тәсілі:
Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, факсын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. 
Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.
Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді және тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысын тіркейді.     
Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Қатысушының жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.   
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде немесе жабық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің немесе жабық тендердің жеңімпазы болып танылады.
Тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Сатушы мынадай жағдайларда:
1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда;
2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға (тендерге қатысушы) өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсететін деректемелерге қайтарылады.
Жекешелендіру объектiсiн беру, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қабылдап алу-беру актiсi бойынша жүргiзiледi.
Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
Тендер жүргізілуі туралы Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz және ШҚО, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8, 434 қызмет бөлмесі мекенжайында, телефон 8 (7222) 52-69-02, 52-05-99 қосымша мәлімет алу мүмкін.
 
Семей қаласының қаржы бөлімі