Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » 2018 жылдың 1 жартыжылдығында шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастыру іске асырылуда
2018 жылдың 1 жартыжылдығында шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастыру іске асырылуда
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
25-07-2018 15:23
2018 жылдың 1 жартыжылдығында шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастыру іске асырылуда
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің талаптарына және тиісті заңға тәуелді актілеріне сәйкес, 2018 жылдың 1 жартыжылдықтың шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілігін қалыптастыру үшін қаржы бөлімімен 31 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бухгалтерлік және бюджеттік есептілікті жинақтау мен өңдеу бойынша жұмыстары жүргізілуде.  
Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрудың мақсаты мүдделі тұлғаларға қаржылық жағдай, қаржы қызметінің нәтижелері және қалалық бюджеттің қаржылық жағдайының өзгеруі туралы толық және сенімді ақпарат беру болып табылады. 
Есептерді қабылдау барысында қала әкімдігіне бағынысты 160 мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрған мүлікті есепке алуды ұйымдастыру және мемлекеттік мүлікті Тізілімінің бірыңғай ақпараттық базасында толық көрініс табуына жете көңіл бөлінуде.
Шоғырландырылған есептілік бойынша нәтижелер уәкілетті органдарға жіберіледі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады. 
 
Қаржы бөлімі