Басы » Семей қаласының қаржы бөлімі » Жаналықтар » Ағымдағы қаржы жылының аяқталуына қатысты
Ағымдағы қаржы жылының аяқталуына қатысты
Автор: Семей қаласының қаржы бөлімі
06-12-2018 14:07
Ағымдағы қаржы жылының аяқталуына қатысты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің мәліметтері негізінде аумақтық қазынашылық бөлімдерінің мемлекеттік мекемелерден төлем құжаттарын (оның ішінде қолма-қол ақша операциялары) қабылдау бойынша соңғы жұмыс күні 2018 жылдың 28 желтоқсаны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.
 
 
Қаржы бөлімі