Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » Халықтың тұруы мен тамақтануының төлемі мәселесі бойынша жиналыс өткізілді
Халықтың тұруы мен тамақтануының төлемі мәселесі бойынша жиналыс өткізілді
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
06-04-2018 18:03
Халықтың тұруы мен тамақтануының төлемі мәселесі бойынша жиналыс өткізілді
2018 жылдың 4 сәуірінде көктемгі су тасқынынан зардап шегіп, қаланың қонақ үйлеріне орналастырылған халықтың тұруы мен тамақтануының төлемі мәселесі бойынша келесі өкілдермен: кәсіпкерлік бөлімі басшысының м. а. Б. Юсуповтың, қаржы бөлімінің басшысы Р. Құдайбергенқызының, қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Қ. Есқожинаның, қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің бас маманы С. Қуанышбаеваның, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы М. Сұлтанбековтың және қаланың орналастыру орындарының өкілдері: «Турист» қонақ үйінің администраторы А. Молдаханованың, «Семей» қонақ үйінің орналастыру бойынша менеджері Л. Омарованың, «Строитель» профилакториінің директоры Р. Дускужанованың және «Байбусинова» ЖК директоры Л. Бурабаеваның қатысуларымен жиналыс өткізілді.
 
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ