Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » Отбасы күніне арналған іс-шара өткізілді
Отбасы күніне арналған іс-шара өткізілді
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
10-09-2018 09:57
Отбасы күніне арналған іс-шара өткізілді
2013 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен біздің елімізде Отбасы күні бірінші рет бекітіліп, Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.
Елбасы атап өткендей, біздің қоғамда отбасы әр түрлі буын ұрпақтарының арасын байланыстырушы, әрі рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы болып қала береді. 
"Отбасы күні" адамгершілікті, руханилықты нығайтуға, біздің қоғамда жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын сөзсіз мойындауға мүмкіндік береді. Отанға деген махаббат отбасы ошағына деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған шаңырақтың астынан алған тәрбие-бұл бүкіл халқымыздың дені сау және табысты болашағының кепілі".
Бұл күні бүкіл ел бойынша мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер, денсаулық сақтау органдарының өкілдері қатысатын мерекелер өткізіледі.
"ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ-де осы мерекеге арналған акция өтті, онда мекеме қызметкерлерінің отбасылары фотосессияға қатысты.
 
"ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ