Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » "Алтай Invest-2018" халықаралық инвестициялық форумы өткізілді
"Алтай Invest-2018" халықаралық инвестициялық форумы өткізілді
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
02-10-2018 14:40
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Өскемен қаласында "Алтай Invest-2018" халықаралық инвестициялық форумы өтті, онда алыс-жақын шетелден инвесторлар, қаржы институттарының өкілдері, ұлттық компаниялар мен кәсіпорын  басшылары қатысты.
Форум бағдарламасында В2В кездесулер, өзекті мәселелер бойынша роуд-шоу, инвестициялық жобалар көрмесі және меморандумдар мен келісімдерге қол қою ұсынылды. 
Семей қаласынан "Бельсан и К" ЖШС, "Левантер" ЖШС, "Нұр" ШҚ, "Речной трамвай" ЖШС, "Aspаra company" ЖШС, "№ 1 Семей ағаш өңдеу зауыты" ЖШС сияқты кәсіпорындар өз жобаларын ұсынды.
Халықаралық инвестициялық форум көрмесінде жергілікті тауар өндірушілер: «ТЕРРА ВИТА» ЖШС, «Семипалатинская обувная фабрика» ЖШС, «Роза ВВК» ЖШС, «Семаз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «Казполиграф» ЖШС қатысып, ШҚО өнеркәсіптік әлеуеті таныстырылды.
Осы іс-шараны өткізу әлеуетті инвесторларға өңірдегі бизнес жүргізудің экономикалық, құқықтық және өзге де шарттарын зерделеуге, инвестициялық әлеуетімен танысуға, ресми және іскер топтардың өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.
 
Кәсіпкерлік бөлімі