Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » 1 қазаннан бастап Қайырымдылық айлығы басталды
1 қазаннан бастап Қайырымдылық айлығы басталды
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
05-10-2018 17:53
1 қазаннан бастап Қайырымдылық айлығы басталды
1 қазаннан бастап Қайырымдылық айлығы басталды, бұл қарт адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге және халықтың тұрмысы төмен топтарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы. Бұл акцияның тарихы 1991 жылдан басталады, ол кезде БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 1 қазанда «Халықаралық қарттар күні» деп жарияланды.
Бұл күндері кәсіпорындар мен ұйымдар корпоративтік концерттер, еңбек ардагерлерінің ұжымдармен кездесулері өткізеді. Мерекелерді өткізуге Семей қаласының кәсіпкерлері де үлкен қолдау көрсетуде.
Қайырымдылық айлығы аясында шағын, орта бизнес кәсіпорындары мен ұялы байланыс операторларымен салтанатты іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары өткізілді.
 
Кәсіпкерлік бөлімі