Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді
«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
01-11-2018 09:25
«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді
2018 жылғы 31 қазанда Кәсіпкерлік бөлімі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО Семей қаласы бойынша Департаменті, Семей қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы бірлесіп Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясы және «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен қатар, аталған іс-шарада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Кездесу барысында инвесторларды қолдау және кәсіпкерлік қызметі реттеу бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.
 
Кәсіпкерлік бөлімі