Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » «Protecting business and investments» жобасы Шығыс Қазақстан облысында бизнесті қорғауда
«Protecting business and investments» жобасы Шығыс Қазақстан облысында бизнесті қорғауда
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
04-02-2019 15:09
«Protecting business and investments» жобасы Шығыс Қазақстан облысында бизнесті қорғауда

2018 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастамасымен Инвестициялар және даму, Сыртқы істер министрліктерімен бірлесе отырып «Protecting business and investments» (Бизнес пен  инвестицияны сыбайлас жемқорлықтан қорғау) жобасының жүзеге асырылуы басталды.Аталған жобаның мақсаты– инвестициялық климатқа қолайлы жағдай жасау, бизнес және инвесторлардың мемлекеттік институттарға сенімін артыру болып табылады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүргізу мақсатында 2018 жылдың 2-жартыжылдығында өңірлік бизнес-қауымдастық өкілдеріне кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Жобаның жүзеге асырылуынан бастап Департаментпен инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы жалпы соммасы 52,5 млрд.теңге құрайтын 13 келісімге қол қойылып,8 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Облыстық және республикалық телеарналарда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша оң нәтижелер көрсетілген бейнесюжеттер шықты («ПромотходВосток»ЖШС, «Березинская-Абилова Е.Н» ЖК).2018 жылдың 27 қарашасында Астана қаласында «Protecting business and investments» бизнесті және инвестицияларды қорғау жобасымен атқарылған жұмыс нәтижесін талқылау бойынша сұхбат алаңы өткізілді.Іс-шараға Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша уәкіл Болат Палымбетов, «Атамекен» ҰКП, қазақстандық бизнес-қауымдастықтардың, шетелдік инвесторлардың, монополиялық қызметті және табиғи монополиялар саласындағы квазимемлекеттік секторды бақылайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы атынан 2018 жылдың тамыз айында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қойған ШҚО Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Березинская-Абилова Елена Николаевна қатысты.Іс-шарада отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және олардың мемлекеттік институттарға сенімін арттыру бойынша іс-шаралар талқыланды. Сондай-ақ инвестициялық қызметтің барысында және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында туындайтын проблемалы мәселелер аталды.Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында шешімі табылмаған сұрақтар көп, ең алдымен ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады. «Protecting business and investments» жобасы бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы осы сұрақтарды шешуге бағытталған.Анықтама үшін: инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қою сұрақтары бойынша келесі байланыстар арқылы хабарласуға болады: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің upkvko@mail.ru электрондық мекен-жайына; Набиев Ренат Байсарыұлына 76-51-17 т., 8-778-604-2151 ұ.т.; фронт-кеңсеге 76-51-34.

Кәсіпкерлік бөлімі