Семинар
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
11-04-2019 17:31
Семинар
Семей қаласының шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту және қолдау мәселесі бойынша 2019-2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, «ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың 9 сәуірінде ШҚО Семей қаласының Приречный ауылдық округі әкімі аппаратының акт залында Приречный және Мұздыбай ауылдарының кәсіпкерлері үшін ақпараттық семинар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында бизнесті дамыту мен қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды қаржыландыру шарттары бойынша ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде несие алу үшін құжаттарды әзірлеу (бизнес-жобаларды дайындау, кепіл мүлікпен қамтамасыз ету, экономикалық қызметтердің номенклатураларын дұрыс анықтау) кезінде туындаған проблемалық мәселелер бойынша кеңестер берілді.
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ