Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Хабарландыру » «Жас кәсіпкер/Бастау» жобасы бойынша хабарландыру
«Жас кәсіпкер/Бастау» жобасы бойынша хабарландыру
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
09-07-2019 12:54
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы «Жас кәсіпкер/Бастау» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Мақсат − кәсіпкерлік қызметке NEET категориясындағы жастар, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру. Оқытудың ұзақтығы - 3 апта. 
Бизнес-тренер оқу жоспарына сәйкес заманауи оқыту әдістемелерін пайдалана отырып интерактивті түрде жүргізеді. 
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына жүгіне алады, Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 15-16 шілде аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  17 шілдеден жүргізіледі. 
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда http://atameken.kz/ сайтында немесе 87222 562867 байланыс телефонына хабарласып, Семей қаласы, Абай алаңы 5,. 100 каб. кеңес алуға болады.  
 
 
 
ШҚО кәсіпкерлер палатасының
Семей қаласындағы филиалы