Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » Семейде 2019-2020 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, кездесулер ұйымдастырылды
Семейде 2019-2020 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, кездесулер ұйымдастырылды
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
11-07-2019 15:29
Семейде 2019-2020 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, кездесулер ұйымдастырылды
2019-2020 жылдарға Семей қаласының шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту және қолдау мәселесі бойынша іс-әрекет жоспарына және көп балалы аналарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша ауылдық округтерге шығу кестесіне сәйкес «ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі өкілдермен бірге «Семей қаласының әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ – сіненен Е. К. Құдайбергенов, «Семей қаласының білім бөлімі» -  А.А. Абдулхамитов және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Семей қаласының филиалының өкілі – Р.Р. Адамбаев бар жұмыс тобымен Абыралы және Жаңасемей аймағына шығу ұйымдастырылды.
Түсіндірме жұмыстары Көкентау, Айнабұлақ, Акбұлақ, Абралы, Караөлен, Алғабас, Жиеналы, Достық, Ертіс ауылдық округтерде жүргізілді. Ауылдық округтердегі кездесу нәтижесінде қатысушылардан көп балалы аналардың ішінде 8 адам (Ертіс а/о – 2 адам, Жиеналы а/о- 1 адам, Ақбұлақ а/о – 1 адам, Абралы – 2 адам) мемлекеттік гранттарды алуға ниет білдірді.
Сондай-ақ қосымша үлестірме материалдар таратылды.
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі