Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » Семейде азық – түлік бағасының қымбаттауы тіркелген жоқ
Семейде азық – түлік бағасының қымбаттауы тіркелген жоқ
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
16-03-2020 17:00
Семейде азық – түлік бағасының қымбаттауы тіркелген жоқ
Семейде азық – түлік бағасының қымбаттауы тіркелген жоқ
 
 
Бүгінгі күні қалада азық- түлік бағасының қымбаттауы тіркелген жоқ. Бұл жайында короновирусқа қарсы қолға алынған шаралар туралы жиында кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Данияр Шакаримов мәлімдеді. 
- Маусымдық мерзімге байланысты бағаның өсуі бар, бірақ оның короновирусқа еш қатысы жоқ. Атап айтқанда, қарақұмық – 1,8%, сәбіз на 3,5%, пияз 4,8%, және жұмыртқа 1% -ға қымбаттады. Қалған азық- түлік бағасы тұрақты,- деді кәсіпкерлік бөлім басшысы. 
  Қазіргі күні тұрақтандыру қорында 850 тонна азық- түлік қоры бар. Мәселе қаланың сауда орындарының кейбірі тұрақтандыру қорымен  келісім жасамауларында болып тұр.   Қаладағы 43 дүкен тұрақтандыру қорымен келісім жасаған.  
Бағаны бақылайтын мониторингтік топ мүшелері сауда кәсіпорындарымен жұмыс жүргізуде. Қала бойынша 280 кәсіпорынмен бағаны өсірмеу туралы келісім жасалған. 
- Бүгінгі күні барлық сауда орындарымен телефон арқылы хабарластық. Барлығында да азық-түлік қоры бар.  Қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Бағаны бақылауда ұстаудамыз-, деді Данияр Шакаримов. 
  Қала әкімі Ермак Сәлімов бағаны мониторинг жасауды жалғастыра беруді, сонымен бірге жеке және көтерме саудада бағаның өсуін болдырмауды тапсырды. 
 
 
Семей қаласының ақпараттық орталығы