Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » «Наурыз мейрамы 2013» мерекесі
«Наурыз мейрамы 2013» мерекесі
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
29-03-2013 10:09
«Наурыз мейрамы 2013» мерекесі

 

2013 жылғы 22 наурызда Семей қаласының ірі және орта өнеркәсіп, шағын бизнес және сауда кәсіпорындары «Наурыз мейрамы 2013» мерекесін ұйымдастыруға және өткізуге белсенді түрде қатысты:

«Жаңа-Көктем» СҮ алаңында – «Жаңа Көктем» Сауда үйі, «Темір Транс» ЖШС, «Жаңа Семей шпалзауыты» АҚ, «Қазақцемент» ЖШС, «Металлист» ЖШС және өзгелер;

Әуезов атындағы алаңда – «Семей цемент зауыты» ЖШС (киіз үй орнатты), «Алфом» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «Металлист» ЖШС, «Гамма Холдинг» ЖШС;

Силикат кентінің алаңында «Силикат» ЖШС мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.

Барлығы қала бойынша киіз үй қалашығының орналасқан жерлерінде 112 сауда нүктелері, 32 – сауда палаткалары, 88 – кәуап дүңгіршектері және 30 – балмұздақ сататын тоңазытқыш камералар ұйымдастырылды.