Басы » Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі » Жаналықтар » «Қазақстанның үздік тауары-2013» облыстық конкурс-көрмеге қатысу мәселесі жөніндегі семинар-кеңес
«Қазақстанның үздік тауары-2013» облыстық конкурс-көрмеге қатысу мәселесі жөніндегі семинар-кеңес
Автор: Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі
11-04-2013 09:34
«Қазақстанның үздік тауары-2013»  облыстық конкурс-көрмеге қатысу мәселесі  жөніндегі семинар-кеңес

 

2013 жылғы 10 сәуірде Семей қаласы әкімдігінің үлкен залында кәсіпкерлік бөлімі Семей қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары-2013» облыстық конкурс-көрмеге қатысу мәселесі жөніндегі семинар-кеңесті ұйымдастырды.

Семинарға «ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті» ММ Семей қаласындағы бөлімінің бастығы Ракш Ришатұлы Шумаев қатысып, «Қазақстанның үздік тауары-2013» конкурс-көрмені өткізудің ережелері мен мақсаттары» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар-кеңес барысында қала кәсіпкерлері аталған конкурсқа қатысу жөніндегі сұрақтарына жауап алды.

Кәсіпкерлік бөлімі