Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Әскерге дейінгі жастар арасында өткізілген әскери-қолданбалы спорт түрінен Қазақстан Кубогі жарысы
Әскерге дейінгі жастар арасында өткізілген әскери-қолданбалы спорт түрінен Қазақстан Кубогі жарысы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
09-11-2017 13:57
Әскерге дейінгі жастар  арасында өткізілген әскери-қолданбалы спорт түрінен Қазақстан Кубогі жарысы

2017 жылы 29 қазан - 4 қараша  аралығында Алматы қаласында Әскерге дейінгі жастар арасында әскери қолданбалы спорт түрінен Қазақстан Республикасының Кубогы өткізілді. Жарыс 14-15 және 16-17 жас аралықтарында өткізілді. Жарысқа Қазақстанның  әрбір облыстарынан әскери спорттық клубтардың командалары қатысты. Шығыс Қазақстан облысының командасын 8 спортшыдан құралған екі команда қатысып қайтты. Жарысқа қатысушылар келесі жарыс түрінен сайысқа түсті: 1-әскерилендірілген  кросс; 2- Әскери қолданбалы жүзден; 3 – пистолеттен оқ ату. Жарысқа қатысушылар жеке дара және командалық сайысқа түсті. 14-15 жас аралығындағы жеке дара сайысында жүлделі орындарға ие болғандар:

1.Шарипханов Ислам –1, 2 орын; ӘСПК «Жас Қыран»  Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия, Семей қаласы

2.Джакибеков Алишер -3 орын; ӘСПК «Жас Қыран» Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия, Семей қаласы

3.Даулетказин Амир -2 орын; ӘСПК «Жас Қыран» Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия .Семей қаласы

4.Муратпеков Алишер -1 орын; Б.Байғожина атындағы «Намыс» ӘПСК №37 гимназия, Семей қаласы

Жалпыкомадалық1- орын.

16-17 жас аралығындағы жеке дара сайысында жүлделі орындарға ие болғандар:

1)Бейсенбаев Талғат –1, 1, 3 орын; ӘСПК «Жалын» №39 ОМ Семей қаласы

2)Толеуболсын Дарын –1, 2 орын; ӘСПК «Жалын» №39 ОМ Семей қаласы

3)Аманғазы Ризат –2 орын; ӘСПК «Сұңқар» №27 ОМ Семей қаласы 4)Бижуманов Айбол –3 орын ӘСПК «Жалын» №39 ОМ Семей қаласы

Жалпыкомандалық-1орын.

Жалпыкомандалық есепте;

1 орын – Шығыс Қазақстан облысы

2 место – Алматы облысы

3 место – Қостанай облысы  

Жарыстың жабылуына Қазақстан Республикасының әскери қолданбалы спорттың мемлекеттік жаттықтырушысы М.Б.Жакупов және әрбір облыстың әскери спорттық клубтар федерациясының төрағалары қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті.