Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Қалалық «Бала дауысы» жас әншілер байқауы
Қалалық «Бала дауысы» жас әншілер байқауы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
10-11-2017 18:03
Қалалық «Бала дауысы» жас әншілер байқауы

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында қаламыздың балабақшалары мен шағын орталықтарының кішкентай тәрбиеленушілері арасында «Бала дауысы» атты қалалық жас әншілер сайысы өтті. Бұл сайысқа 26 кішкентай бүлдіршіндер қатысып, соның ішінде 4 жас аралығында 14 жас әнші, ал 5 жас аралығында 12 жас жұлдыз өнерін көрсетті. Сайысты бағалау оңай болған жоқ, өйткені кішкентай балалардың бәрі өнерлі, әрі балалық табиғи пәктілігі бар. Бірақ қазылар алқасы өз міндетін әділ атқарып шықты. Сайыстың басты бағалау критерийлері – орындау шеберлігі, сахна мәдениеті және киім үлгісі.
Сайыстың қорытындысы бойынша, 4 жас мөлшерінде III орын иегері «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушісі Серік Сара және «Бөбек» студиясының тәрбиеленушісі Ковылина Варвара атанды. II орын иегерлері: Серік Анель («Ажар» балабақшасы) және Марат Жанель («Балдаурен» балабақшасы). I орын иегері - Сарсенбек Алима («Нұрдәулет» балабақшасы).
5 жас мөлшерінде III орын иегері – Сагынгалиева Надира («Қуаныш» балабақшасы) және Адильханов Ансар («Балдаурен» балабақшасы). II орын иегерлері: Марат Әмір («Балбұлақ» балабақшасы) және Нұрланұлы Нұрали («Ақбота» балабақшасы). I орын иегері - Мирманова Айсана («Балдаурен» балабақшасы).

Білім бөлімі