Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Қаланың білім беру мекемелерінің ата-аналар қауымдастығы Кеңесінің отырысы
Қаланың білім беру мекемелерінің ата-аналар қауымдастығы Кеңесінің отырысы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
13-11-2017 17:49
Қаланың білім беру мекемелерінің ата-аналар қауымдастығы Кеңесінің отырысы

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында 2017 жылғы 10 қарашада ата-аналар қауымдастығы Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын бекіту, жаңартылған оқыту жүйесі туралы ақпарат, білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс, қосымша білім беру апталығының қорытындысы сияқты сұрақтар қарастырылды.
Білім бөлімінің басшысы Н.Фесенко оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны бойынша түсініктеме берді, бұл бағдарлама уақыт талабына, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы жаңа көзқарасқа сай және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әзірленген.
Педагог-жаттықтырушылар балаларды сабақта бағалаудың жаңа жүйесімен ата-аналарға нақты өлшемдер келтіре отырып, таныстырды. Жаңартылған мазмұн бағдарламасы баланың тек білім алып қана қоймай, сондай-ақ өз білімін қолдана біліп және қажетті ақпарат таба білуін қарастырады.
«Иә, іс жүзінде біз–ата-аналар көбінесе балалардың оқу бағдарламаларының мазмұнына соңына дейін мән бермейміз. Бастысы, баламыз білім алып жатыр деп ойлаймыз. Ал қазір ол коммуникацияға (байланысқа) үйренеді. Біз білім беру саласына инвестиция енгізу бойынша қаншалықты маңызды жұмыстар атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан ата-аналардың балалар мен мұғалімдерге көмегі көп болуы қажет»,-деп отырыс ата-аналары өз пікірлерін білдірді.
Ата-аналар білім бөлімінің білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы атқарған жұмысы туралы ақпарат тыңдады. Білім беру мекемелеріне бөлінетін мемлекеттік бюджет шығындарының экономикалық жіктелу ерекшеліктері туралы түсініктеме берілді.
«Білім беру мекемесіндегі Қамқоршылық Кеңесі жұмысы – бұл тек бюджеттен тыс қаражат тартудың тиімді, заңдық тұрғыдан алғанда сауатты құралы ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемесіне, яғни сіздердің балаларыңызға, мектептің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетудің неғұрлым ыңғайлы тәсілі» - деп атап өтті бөлім басшысы. Ата-аналар ҚР білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен, Қамқоршылық кеңесі жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік ережелерімен танысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес жұмысының жоспары бекітіліп, оқушылардың ата-аналарымен жаңартылған оқыту жүйесі, оқушылардың сабақтан тыс уақытта бос уақытын ұйымдастыру бойынша, мектептегі Қамқоршылық кеңесі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылданды. Ата-аналарға осы сұрақтарды мектептің ата-аналар қауымдастығына жеткізу ұсынысы жасалды.

Білім бөлімі