Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Біздің ел, Қазақстан болашағы - «Жас Ұлан»
«Біздің ел, Қазақстан болашағы - «Жас Ұлан»
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
04-12-2017 17:01
«Біздің ел, Қазақстан болашағы - «Жас Ұлан»

2017 жылғы 1 желтоқсанда сағат 11.00-де Балалар мен жастар шығармашылығы сарайында Семей қаласының «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның «Біздің ел, Қазақстан болашағы – «Жас Ұлан» атты ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында қаланың 200 үздік оқушысы ұйым қатарына қабылданып, білім беру ардагерлері Валерий Алексеевич Адаричев пен Клара Дүйсенбекқызы Байболова, қала мектептерінің тәлімгерлері мен Ұланбасы қалалық кеңесінің мүшелері ұландарға галстуктар табыстады. Барлық оқушылар атынан № 11 ЖББОМ оқушысы Айша Қанатбекова ант қабылдады.
Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қала мектептерінен барлығы 3500 оқушы «Жас Ұлан» ББЖҰ қатарына қосылады.

Білім бөлімі