Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Кітапханашыларға арналған шеберлік сабағы
Кітапханашыларға арналған шеберлік сабағы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
06-12-2017 18:13
Кітапханашыларға арналған шеберлік сабағы

«№ 40 ЖОББМ» КММ-де кітапхана меңгерушілеріне арналған «Мектеп кітапханасының кітап және оқулық қорын тексеру» атты шеберлік сабағы жүргізілді. Шеберлік сабағы №40 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Р.Б. Сексенбаеваның ұйымдастыруымен өтті.
М. Б. Самалыкова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қатысушыларға алғы сөз айтып, сәттілік тіледі.
Іс-шараның мақсаты және міндеттері: мектеп кітапханашыларының кәсіптік біліктілігін арттыру, әдебиеттерді тексергенде нормативтік құжаттарды пайдалану, барлық жұмыстарды жауапкершілікпен атқару.
Р.Б.Сексенбаева «Кітап және оқулық қорын тексеру» (қазақ және орыс тілінде) туралы баяндамасымен таныстырып, әдебиеттерді тексеру, негізгі бөлімдерін, тексеру себебі мен толтырылатын негізгі құжаттарын нақты атап өтті.
Р.Б.Сексенбаева қатысушыларға «Менің Семейім» атты фото кроссинг және практикалық жұмысын өткізді.
Мектеп кітапханашылары іс-шараға өздерінің жақсы тілектерін білдіріп, жоғары бағаларын берді.
Іс – шара соңында С.В.Артемова «ЭКСЛИБРИС.KZ» ӘБ жетекшісі, «№9 ЖОББМ» кітапхана меңгерушісі шеберлік сабағын қорытындылады.

Білім бөлімі