Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Балабақшалардың тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар
Балабақшалардың тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
07-12-2017 17:37
Балабақшалардың тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар

Замануи педагогтың негізгі мақсаты – тұлғаны дамытуға қойылған мақсатына сәйкес тәрбие-оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін таңдау.
№6 «Нұрсәуле» ясли-бақшасының негізінде «Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиешілер мен педагогтардың әртүрлі қызмет түрлерінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашыл тұлға тәрбиелеу» тақырыбында тәрбиешілерге қалалық семинар өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты-жас мамандарға білім беру үдерісінде қарым-қатынас түрлерін, ойын әрекетте интеллектуалдық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін көрсету, білім беру салаларының кіріктірілуі арқылы жаңа технологияларды белсенді қолдану.
Семинар жұмысына қалалық мемлекеттік, жеке меншік балабақшалардың 39 тәрбиешілері қатысты. №6 «Нұрсәуле» ясли-бақшасының педагогтары қатысушыларды ТРИЗ, М. Монтессори педагогикасының элементтерімен, дамыта оқыту, логикалық ойлау, денсаулық сақтау, жобалық технологияларды қолдануларының іс-тәжірибелерімен таныстырды.
Тәрбиешілер өздерінің кәсіби іс-әрекетінде балабақшада енгізілген инновациялық моделіне сәйкес оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдерін көрсете алды.
Ұйымдастырылған оқу-қызметінің ашық көріністері балалардың белсенділігі мен білуге құмарлық, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін және бағдарламалық міндеттерді игерген деңгейлерін көрсете білді.
Ясли-бақшада меңгеруші А. Рахымбаеваның басқаруымен балалардың әрекетке қабілеттіліктері мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға барлық жағдай жасалынған. Қатысушылар балалардың ұжымда белсенді әрекет жасауға бағытталған еркін қалауларын көрсетуге, инновациялық ортаны (дидактикалық құралдары) құру жөнінде, педагогтардың алдын-ала жасаған үлкен жұмыстарын атап өтті. Семинарда әр қатысушы өзінің педагогикалық әрекетіне көп керекті, қызықты жаңалықтарды алды.
Қалалық семинар жоғары әдістемелік және ұйымдастыру деңгейде өткізілді, іс-тәжірибелерін талдап қорытқан барлық педагогтарға сертификаттар тапсырылды.

Білім бөлімі