Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Бастапқы әскери дайындық оқытушылары арасында мылтық атудан жарыс
Бастапқы әскери дайындық оқытушылары арасында мылтық атудан жарыс
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
10-01-2018 17:05
Бастапқы әскери дайындық оқытушылары арасында мылтық атудан жарыс

Жарыс балалар мен жастар шығармашылық сарайының №1 ғимаратында өтті. Жарыс ережесіне сәйкес пневматикалық мылтықпен 10 метр қашықтықтан нысанаға атудан ұстаздар бақ сынасты.
Жарысқа барлығы 32 бастапқы әскери дайындық оқытушылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша I орынды НЗМ - нің БӘД оқытушысы Мухамадиев К.Д, II орын - № 26 ОБМ БӘД оқытушысы Сарсеков С.К, III орын - № 16 ОБМ БӘД оқытушысы Суюндуков А.А. жеңіп алды.
Жүлделі орын алған жарыс жеңімпаздарын қалалық білім бөлімі және Семей қаласының Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы марапаттады.

Білім бөлімі