Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Денсаулық және сергектік»
«Денсаулық және сергектік»
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
10-01-2018 17:16
«Денсаулық және сергектік»

2017-2018 оқу жылының «Денсаулық және сергектік» спартакиадасы аясында мектеп мұғалімдеріне салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауда, үздіксіз спортпен шұғылдану мақсатында №23 орта мектепте ұстаздар командалары арасында баскетболдан жарыс өтті.
Жарысқа 32 ер, 13 әйелдер командалары қатысты. Әйелдер командалары арасында 1 орынды - №32 ОМ, 2 орын - №1 ОМ, 3 орынды - №15 ОМ командалары иеленді. Ерлер арасында №47 ОМ - 1 орын, Шәкәрім атындағы гимназия – 2 орын, №32 ОМ – 3 орынды иеленіп, жүлдегер атанды.
Барлық жүлдегер командалар қалалық кәсіподақ ұйымы марапат қағаздары және кубоктарымен, сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялармен де марапатталды.
Жарысты жоғары дәрежеде бағалаған А. Казангапов (№ 12 ОМ), Е. Бодауов (№ 21 ОМ), Ж. Калиакпаров (№ 17 ОМ), Е. Абылкасымов (№ 29 ОМ) дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің еңбектері орасан зор.

Білім бөлімі